ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

0

2024 жылдың 30 наурызында сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін Қордай аудандық орталық емханасында тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау және адам папилломавирусымен (АПВ) күресу бойынша Ашық есік күні өтеді.

Мақсаты – халықтың тік ішек обырының алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы, АПВ (адам папилломавирусы) вакцинациясының маңыздылығы туралы хабардар ету.

Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау сәтті емдеудің кілті болып табылады. Адам папилломавирусына қарсы вакцинация арқылы жатыр мойны обырының жиілігін едәуір төмендетуге болады.

Вакцинацияға қатысты барлық сұрақтар бойынша емханаға хабарласуға болады. Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау сәтті емдеудің кілті болып табылады. Адам папилломавирусына қарсы вакцинация арқылы жатыр мойны обырының жиілігін едәуір төмендетуге болады. Вакцинацияға қатысты барлық мәселелер бойынша емханаға хабарласуға болады.

Жатыр мойны обыры бойынша консультацияны акушер-гинеколог Ж.Ж. Байгуловадан 3-корпус, 11-кабинетте алуға болады.

Орталық емхананың 1-қабатындағы 20-кабинетте коло ректальды қатерлі ісік бойынша кеңес ала аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.