16 қаңтар күні Қордай аудандық мәслихатының кезектен тыс 57-ші сессиясы өтті. Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессияға депутаттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, кейбір бөлім жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында депутаттар 2026-2027 жылдарға арналған «Қордай – қауіпсіз аудан» профилактикалық іс-шаралар концепциясын іске асыру бағдарламасын мақұлдауды қарастырды. Бұл мәселеге қатысты Қордай ауданы прокуратурасының прокуроры Әмір Батухан баяндама жасап, егжей-тегжейлі тоқталды. Аудандық мәслихат депутаты Әлібек Омар да өз пікірін білдірді.
Сонымен қатар, сессияда Қордай ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының құрамы бекітіліп, әлеуметтік көмек беру мөлшерін анықтайтын аудандық арнайы комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.