«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КЕПІЛДІГІ»

0

ҚР Ішкі істер министрлігі 2026 жылды «Қауіпсіз балалық шақтың кепілдігі» жылы деп жариялау аясында Қордай ауданының полиция бөлімі базасында «Профилактикалық кабинет» пайдалануға берілді.

Жаңа кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, сондай-ақ аудандық ардагерлер, қоғамдық, билер, әкелер және аналар кеңесінің төрағалары қатысты.

Кабинет ақпараттық стендтермен, әдістемелік және үлестірме материалдармен толық қамтамасыз етілген.

Мұнда кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, психологтар, нарколог-дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен кешенді жұмыстар атқару көзделген.

Бауыржан Үдергенов өз сөзінде жаңа кабинеттің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және отбасы—мектеп арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеуге бағытталғанын атап өтті. Балалардың қауіпсіздігі – ел болашағының кепілі. Сондықтан мемлекет, ата-ана және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана қауіпсіз әрі құқықтық мәдениеті жоғары орта қалыптасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.