ҚАУІПСІЗ ЕГІН ЖИНАУ

0

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәнді масақты дақылдар жинау мен жем-шөп дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Астық алқаптарында және оны сақтау немесе өңдеу орындарында өртті болдырмау үшін:

— ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (ұйымдарының) және шаруа-фермер шаруашылықтарының басшыларына, лауазымды адамдарына, (кәсіпкерлерге), сондай-ақ егін жинау, сақтау және өңдеу кезеңінде азаматтарға өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау;

— егін жинау кезеңі алдында оған қатысатын барлық адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс, ал жинау агрегаттары мен автомобильдер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар – екі өрт сөндіргішпен, күрек және екі сыпырғыш), жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс және қоректендіру, оталдыру және майлау реттелген жүйесінде болуы тиіс;

— масақтың пісуі алдында астық алқаптары олардың орман және шымтезекті алаптарға, дала жолағына, тас және темір жолдарына тірелетін орындарда 4 м. кем емес енімен шөбі толық алынған және жері жыртылған болу керек.

— астық жинау науқанынан массивтерінің ауданы 50 га артық учаскелерге бөлінуі керек. Учаскелер арасында 8 м. кем емес алымдарға бөлінуі тиіс. Шабылған астық дереу жинап алынады. Ортасында шалғы жолынан  ені кемінде 4 м жолақ жыртылады.

Ауданы 25 га жиналатын астық алқаптарынан тікелей жақын жерде өрт шыққан жағдайда жану аймақты соқамен жырту үшін трактор дайын болуы қажет.

Егін орылған жерлерде, жем қалдықтарын және ашық отты жағуға рұқсат етілмейді.

Дәнді дақылдарды жинау және мал азығын дайындауға тыйым салынады:

Капоттары жоқ немесе ашық капотты тракторлардың, өзі жүретін шасси және автокөліктердің жұмыс істеуі, радиаторлы қозғалтқыштардағы шаңды жандыру үшін дәнекерлейтін шамды пайдалану, автокөліктерге дала алқаптарында және түнгі уақытта жанармай құюға болмайды.

Қозғалтқыштардың радиаторлары, біліктер битеров, шөпжинағыш, транспортерлер мен іріктеуші, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналарының бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәндерден уақытылы тазартылып тұруы қажет.

Маялар, ірі мал азықтардың төбелері мен қатарлары электрсымдар желілерінен кеміне 15 м., жолдардан 20 м., ал ғимараттар мен құрылыстардан – 50 м. қашықтықта орналасуы қажет.

Маяларды орналастыру алаңдары, сонымен қатар маялар мен қатарлардың қостары ені кемінде 4 м. жолақтармен периметр бойынша жырту керек. Жолақ шетінен маяға дейінгі арақашықтық  болуы керек.

Егін жинау науқанын ұйымдастыру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қосымша кезекшілік техника, өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуы қажет.

Ә.ӘБІШ,  Қордай ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны 

Leave A Reply

Your email address will not be published.