«Қауіпсіз жол» акциясы жүргізілуде»

0

Гвардейск гарнизонында әскери қызметшілердің жеке автокөліктері тексерілді.

Әскери бөлім командирлері әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Қауіпсіз жол» акциясы аясында әскери қызметшілердің жеке автокөліктерінің жағдайын тексерді.
Іс-шараның мақсаты – көліктің техникалық ақаусызыдығы мен оның қыс мезгіліне жарамдылық жағдайын анықтауға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталды.
Алдын алу іс-шарасында автокөліктердің техникалық жағдайлары, жарық көздерінің жұмыс істеуі, талапқа сай тиісті заттары мен қысқы дөңгелектері, өрт сөндіргіштері мен медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы және автокөлік құжаттары тексерілді.
Тексеріс соңында жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері түсіндіріліп, оларға нұсқау жүргізілді.
– Жоспарға сәйкес жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің жеке автокөліктерін тексердік. Оларға жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын жеткізіп, нұсқау берілді. Автокөлікті қыс мезгіліне дайындау өте маңызды. Қысқы кезеңде автокөлікті басқару құралдары талапқа сай болуы қажет. Өйткені әр автокөлік жүргізуші өзіне ғана емес, сонымен қатар қасында отырған адамдарға жауапты болады және көлікті жүргізу барысында айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл аудару қажет. Осы жүргізілп жатқан жұмыстардан жақсы нәтижелер күтеміз, — деді Әскери автомобиль полициясы бастығының міндетін уақытша атқарушы 3-ші сыныпты сержант Серікжан Қуанышбек.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.