ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ ЖОҚ!

0

Қоғамға келер қауіптің алдын алу қашанда басты міндеттірдің бірі саналады. Осыған орай «Қордай» өткізу пунктінде болған оқу-жаттығу соның айғағы. Биологиялық қауіпсіздік шеңберінде қызметтер мен ведмостволардың өзара іс-қимыл тәртібін пысықтау бойынша шұғыл жиын өтті. Жаттығудың сценарийі бойынша шекарадан аса қауіпті инфекция жұқтырған науқас өткені анықталған.

Еске сала кетсек, 2005 жылғы Халықаралық медициналық –санитарлық ережелерге сәйкес қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға халық денсаулығына елеулі әсер ете алатын және тез таралатын кез-келген оқиға халықаралық маңызы бар болып табылады.

Сол себептен де шекара маңында өткізілген оқу-жаттығудың маңызы ерекше. Жаттығу барысында оба жұқтырған деген күдікпен анықталған науқасты оқшаулау бойынша және инфекцияның таралуының алдын алу үшін барлық ведмостволар жиналды. ҰҚК Шекара қызметі, аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, тіпті ветеринариялық зертхана мен төтенше жағдайлар бөлімі де жұмылдырылды. Қордай ауданы әкімдігі осы жұмыстардың ұйытқысы болып қызмет атқарды.

Жаттығу барысында арнайы бригада құрылып, науқастың қай жақтан жұқтырғаны бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп, оны оқшаулау, дәрігерлермен консилиум жүргізу жұмыстарын ұйымдастырды. Осыдан кейін орталық аурухананың инфекциялық бөлімшесі, одан соң обаға қарсы станция мамандары жұмысқа кірісті. Бұл кезде полиция қызметкерлері аталмыш аумақты қорғауды қолға алып, тіпті жолаушылардың шығуына дейін тиым салды. Келесі кезекте дизенфекциялық бригада іске кірісіп, науқас өткен аймақты бірнеше рет бір рет тазалау, яғни дизенфекциялау жұмыстарын жүргізді. Бұл кезде науқаспен байланыста болған азаматтардың тізімі де анықталып үлгерген болатын.

Осылайша жылдам әрі нақты жасалған, бірлескен іс-қимылдың арқасына қауіпті инфекцияның таралуына жол берілген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.