Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенті, каратэден әлем чемпионы Ералы Маметолдин – жас болса да, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылардың бірі. Біз жас чемпионмен сұхбаттасып, оның спорттағы жолы, жеңістері мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелестік, деп хабарлайды baq-orda.kz.
– Өзіңді оқырманға таныстырып өтсең. Спортқа келу жолың қалай басталды?
– Мен, Маметолдин Ералы Серікұлы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасымын. Қазіргі таңда 18 жастамын. Спортқа келу жолым отбасымнан бастау алады. Әкемнің өзі спортқа жақын, белсенді адам болғандықтан, мені 8 жасымнан бастап каратэге берді. Алғашқы бапкерім – Сәкенұлы Азамат. Сол кісінің берген тәлімі мен бағыт-бағдарының арқасында бүгінгі жетістіктерге жетіп отырмын.