Қазақ тілі курсын аяқтады

0

Масаншы ауылдық округіндегі Әл-Фараби атындағы орта мектептің мұғалімдері қазақ тілі курсының А1 және В2 деңгейін сәтті аяқтады. Мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан ұстаздар оқыту бағдарламасы аясында өз білімдерін жетілдіріп, тіл үйрену жолында жоғары нәтиже көрсетті.

Оқу курстарын Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастырды. Мұғалімдер 4 ай бойы қазақ тілінің грамматикасын, сөйлеу дағдыларын және ресми құжаттармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеріп, соңында емтихан тапсырды.

Бұл бастама мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі екенін көрсетті. Алдағы уақытта да ауданда осындай курстар жалғасын тауып, тыңдаушылар саны артады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.