«Тіл бар жерде – өмір бар» дегендей өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілге құрметпен қарап, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру керек
Қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қасиет жоқ екенін тағы көз жеткіздік.
Біздің мақсатымыз ешкімді қазақшаға үйрету емес, қазақ тіліне деген көзқарасты түбірінен өзгерту. Көбі қазақ тілін үйренуді оқып-жаттаудан бастайды. Ол дұрыс емес. Ал біреулер қаламаса да оқуға ұмтылады. Ең алдымен адамның қазақ тіліне деген қасиеттілігі мен қалауын оята білу керек. Сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін тележүргізуші, диктор, мәдениет саласы қызметкерлері қылып жұмысқа алса бұл қазақ тіліне деген қызығушылықты басқа этностар арасында арттыра түсер еді.
Гульфайруз Бабижанова, Қордай ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ қазақ тілі мұғалімі