Өткен аптада өңірде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, тілдік негізде кемсітушіліктің кез-келген түрлеріне қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жетістікке жеткен республикаға танымал өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Қазақша VIBE» TEDx атты кездесу аудандық Мәдениет үйінде өтті.
Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілдері, республикаға танымал мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері, тіл жанашырлары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында елімізде қолға алынған жұмыстар жайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Рахымжанов Қайыржан Алдашұлының құттықтау сөзі айтылып, кездесу барысында блогер, Қазақстанның “100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы, республикалық және халықаралық сайыстарының лауреаты Алексей Лодочников, Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тіл жанашыры Гросс Инга, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуралиева Динара бастаған тіл жанашырлары өз тәжірибелерімен бөліссе, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай келген қонақтарға аудан әкімі атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан аумағында аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесу соңы сұрақ-жауап айдарына ұласып, түрлі пікір алмасулармен жалғасты.