Қазақстан әскерінде взводтар даярлығы өтуде

0

Қазақстан Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес взводтар құрамында бөлімшелерді үйлестіру жүргізіледі.
 Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерлерді даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жауынгерлік оқуға қатысты барлық шара армияның жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталып отыр. Жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтау бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып, кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл алдағы уақытта барлық жеке құрамның үйлесімді, нақты және жедел іс-қимылына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Взводтарды даярлау барысында әскери қызметшілер білімдерін және далалық машықтарын жетілдіреді.
– Әскери қызметшілерді бөлімшелер құрамында үйлесімді іс-қимылға үйрету маңызды. Әр жауынгер, әр бөлімше қандай да бір жағдайда өзінің маневрін білуі тиіс. Ал командирлер кез-келген жағдайда шешім қабылдауы керек, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Ерғазы Атаев.
Ұрысқа барынша келтірілген жағдайларда тактикалық міндеттер жүзеге асырылады. Взводтар құрамында әскери қызметшілерге марш жасау, тірек пункттерін жабдықтау, жауынгерлік тәртіпті қалыптастыру, қорғаныста ұрыс жүргізу, шабуыл жасау және заңсыз қарулы құрамаларға қарсы арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде келісілген іс-қимылдарды оқытады. Осы орайда тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс даярлығы, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу нормативтері пысықталады.
Взводтарды үйлестіру наурыз айының басында күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.