2024 жылы канадалық HelloSafe аналитикалық және қаржылық платформасы Дүниежүзілік өркендеу индексін енгізді.
Талдау Дүниежүзілік банк пен БҰҰ деректеріне сүйене отырып, 6 негізгі көрсеткіш бойынша: жан басына шаққандағы ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖҰӨ, ұлттық жинақтау деңгейі, адам дамуының индексі, Джини коэффициенті (индикаторы) бойынша кешенді түрде жүргізілген.
Қазақстан әл-ауқатының орташа деңгейі бар елдердің рейтингіне еніп, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, сондай-ақ Орталық Азия елдерін басып озды.
Рейтингке сәйкес, ең бай елдер Люксембург, Норвегия және Ирландия деп танылған. Люксембургтің өркендеу индексі 86,2-ні құрайды.
Рейтинг нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары елімізде жүргізілген реформалар Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында көтеріп қана қоймай, өз жемісін берген. Мұны негізгі экономикалық көрсеткіштердің артуы да растайды.
Айта кетейік, рейтинг елдер ара-сындағы айырмашылықтарды түсінгісі келетін саяхатшылар, инвесторлар және зерттеушілер үшін пайдалы.