Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қыпшақбаева Қарлығаш Қордай ауылындағы Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп ұжымымен кездесу өткізді

0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қыпшақбаева Қарлығаш Қордай ауылындағы Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында алдағы референдумның қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты түсіндіріліп, әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды фактор екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, конституциялық бастамалардың мазмұны кеңінен талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысында мектеп ұжымы ел дамуына бағытталған маңызды саяси үдерістерге белсенді қатысу қажеттігін білдірді.

Шара соңы Мемлекет қайраткері Балжан Бөлтірікованың туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған танымдық іс-шарамен жалғасты. Қатысушылар көрнекті тұлғаның өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесі туралы тағылымды мәліметтермен танысты.

#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#ПоддержимКонституцию

Leave A Reply

Your email address will not be published.