Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғалы бері татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтарды ту етіп көтеріп келеді. Еліміздің осы жылдар ішінде жеткен жетістігі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында. Оның негізі этносаралық келісім мен бірліктен бастау алады. Бүгінгі күні Қазақстанда әлемде теңдессіз саналатын татулық пен бірліктің, көпэтникалық қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқаны баршаға аян. Қазақстан — ортақ Отанымыз!
Лобар Аширова, Тәжік ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы