Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі құрамы жағынан ең саны көп Құрлық әскерлері 1993 жылғы 21 сәуірде құрылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге, заңсыз қарулы топтармен күресуге, сондай-ақ халықаралық шарттар аясындағы міндеттерді орындауға толық мүмкіндік береді.
Құрлық әскерлерінің бейбіт уақытта атқаратын міндеттерінің де ауқымы кең. Олар жауынгерлік әзірлікті сақтау, оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды даярлаудан бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады.
Оның құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.