Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ғимаратында вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Жамбыл облысындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Мемсараптама» РМК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.
Кеңес барысында Боранды, Отар, Тараз, Түрксіб және Шу станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жобалары қаралды.
Жұмыс кестелерінің сақталуы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, сондай-ақ реконструкция кезеңінде жолаушыларға қолайлы қызмет көрсету үшін уақытша инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.