🇰🇿 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай волейбол турнирі өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әлжан ана денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жастар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Тартысты өткен жарыста командалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
🏆 Турнир қорытындысы:
🥇 1-орын – Қордай ауылы
🥈 2-орын – Жамбыл ауылы
🥉 3-орын – Қарасай ауылы
🌟 Жеке марапаттар:
🏐 Үздік ойыншы – Дүйсенқұл Айару
🏐 Үздік шабуылшы – Әсет Батыржан
🏐 Үздік байланыстырушы – Садуақас Алинұр
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел рәміздерін құрметтеу мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.