Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қордай ауданы ауданындағы мешіт имамдарымен арнайы кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі бағыттары мен маңызын түсіндірді.
Кездесу барысында Мәлік Нұржанұлы алдағы референдум ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға және азаматтардың ел тағдырын айқындау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар жиында діни ұйымдардың қоғамдағы рөлі, рухани келісім мен ұлттық бірлікті сақтау, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында сөз сөйлеген Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауда рухани құндылықтардың айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ол діни қызметкерлердің ел ішіндегі татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын жеткізді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру және қоғамдағы тұрақтылық пен рухани келісімді нығайту бағытында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда