«Қазақстан жастар көзімен»

0

Елімізде жастарға деген көзқарас қашанда ерекше. Себебі, олар асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Сондықтан бізде 12 тамыз – Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі.

Осы айтулы дата қарсаңында Қарасу ауылдық мәдениет үйінде керемет іс-шара ұйымдастырылды. «12 тамыз — Халықаралық жастар » күніне орайластырылған іс-шара «Қазақстан жастар көзімен» атымен аталды. Бұл – жас суретшілер байқауы. Байқаудың мақсаты да сол – талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсету болды. Байқауда жас суретшілер өз туындыларынан көрме ұйымдастырып, іс-шара барысында да сурет салып, өнерлерін көрсетті.

Іс-шарада Қарасу ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Елена Борисевич үздіктерге сыйлықтар ұсынып және алғыс хатпен марапаттап, алғысын білдірді. Байқауды ұйымдастырған жастар инспекторы Айзада Ертай дарынды жастарды анықтап, көпшілікке шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасаған мәдениет  үйінің меңгерушісіне рақметін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.