Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда.

0

Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда. Бұл — тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңыраулар мен қосымша жүгінулерді қажет етпейді.

Платформаның басты артықшылықтарының бірі — ашықтық. Пайдаланушы әрбір өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.