Қазақстан Республикасының президенті 2026 жылғы 11 ақпанда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы парламент құру жөніндегі бастамасы негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялаған болатын.
Баспасөз саласының қызметкерлері үкіл қордайлықтар қатарында ел өміріндегі елеулі оқиға ҚР жаңа Конституциясы бойынша референдумда өз таңдауын жасады. Мен өзім де тұрғылықты жерім бойынша референдум учаскесіне барып дауыс бердім.
Бүгінгі референдум Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны екені рас. Сонымен қатар Ата заңда адами капиталды, білім мен ғылымды, инновацияны дамытудың стратегиялық бағыт ретінде айқындалуы ерекше мәнге ие. Мен сол үшін де саяси науқанға қатысып, өз таңдауымды жасауды жөн көрдім.