Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр

0

 

Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.
Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.