«ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ – АЙ!»

0

Жастар ресурстық орталығы КММ-нің және Әлжан ана ауылдық округінің мәдениет үйінің бірлесуімен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Қазақтың келіндері – ай!» атты жас келіндер байқауы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қазақ келіндерінің ибалығы мен инабаттылығын, өнері мен шеберлігін насихаттау, сондай-ақ жас отбасылар арасындағы мәдени құндылықтарды кеңінен таныту.

Байқау қорытындысы бойынша І орынға – Ж.Даулетбаева Ж. (Қақпатас ауылдық округі), ІІ орынға Б.Жұбатқан (Жамбыл ауылдық округі), ІІІ орынға Н. Жақсылықова (Қордай ауылдық округі), ІІІ орын А.Сағындық (Бетқайнар ауылдық округі) ие болды.

Жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің атынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.