ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин тағайындалды.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара

іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.