ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН

0

Ауданда ардагерлер кеңесі жұмысын атқарып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ұйымның мақсаты – ардагерлерді лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, тәрбие жұмыстарына жұмылдыру, кез-келген мәселелерді талқыға салу және олардың шешу жолдарын іздестіру, т.б.
14 желтоқсан күні ардагерлер кеңесінде ұйымның ең үздік және белсенді мүшелерін ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Жиынды ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қарияларға шет қалмай, аудан өміріне белсене араласып жүргендері үшін ризашылығын білдірді. Осы күні Тәуелсіздік күніне және ұйымның 35 жылдығына орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін «Қордай ауданының құрметті ардагері» төсбелгісімен Серік Қанатов (Ауқатты а.), Бейсенкүл Дәукеева (Кенен а.), Анатолий Бражников (Қордай а.), Сәбит Додабаев (Қызылсай а.), Айман Ағыбаева (Қордай а.), Дүкенбай Сегізбаев (Қордай а.), Шарапатдин Пахратдинов (Жамбыл а.), Айнакүл Сматова (Сарыбастау а.)марапатталды. Сонымен қатар, 35 ардагерге ардагерлер кеңесінің, мәслихат және аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

Бекжол ӘПІЛЖАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.