Қоғамдық кеңес құрамынан шыққан мүшелерінің өкілеттіктерінің қалған мерзіміне (2 орын) Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің қосымша мүшелерін конкурстың негізінде таңдау үшін (2 орын) құжаттар 2024 жылдың 29 тамыз мен 8 қыркүйек аралығында сағат 9:00 ден 17:00 -ге дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278, байланыс телефоны — 4-54-95
электрондық мекен жай: korday_kogam.kenes@mail.ru
уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00 — 14.30.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамын қатыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы бола алады;
сотталғандығы болмауы;
сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы, не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсерететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
- Кандидатты тиісті Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзіндіні.
- Коммерциялық емес және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі