Қордай аудандық сотымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 440 бабының 3 бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарымен анықталғандай, азамат Г. бір жылдың ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылғанына қарамай, 29 қазан 2024 жылы сағат 21.30 шамасында «Алматы-Ақтөбе» жолаушы поездының вагонында алкогольдік масаң күйде болған.
Сонымен, азамат Г. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 440 бабының 3 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған, яғни осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін бір жыл ішінде бірнеше мәрте құқық бұзушылықтар жасаған.
Сотта азамат Г. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.
Қордай аудандық сотының қаулысымен азамат Г. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 440 бабының 3 бөлігімен айыпты деп танылып әкімшілік жаза ретінде 36 920 тенге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.