«Қоғамдық сақшы» жобасы

0

Ауданымызда жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Қордай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы Д.Молдажановтың катысуымен рейд жұмыстары жүргізілді.

«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын ала туралы» Занның талаптарына сәйкес жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімінің орындалуы бойынша түнгі уакытта 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда, түнгі клубтарда, кафе, ойын сауық орталықтарында жүруін алдын алу үшін түнгі рейд жүргізілді. Сондай-ақ кешкі жұмыс орындарында кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта ата-ананың карауынсыз жүруін қадағалау басты назарда ұстау болып табылады. Рейд барысында беймезгіл уақытта көшеде оқушылар болған жоқ. Құқық бұзушылық  фактілері анықталмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.