ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

0

Ауданымыздың православие христиандарын жарқын да ізгі мереке – Рождество мейрамымен құттықтаймын!

Рождество мерекесі діндарлардың жүрегіне қуаныш пен үміт ұялатып, қайырымдылық пен әділдікке, мейірімділік пен кешірімділікке сенудің нышаны болып келеді. Бұл – ізгі ниеттер мен қайырымды істердің, көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлықтың уақыты.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді. Православие христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қосып келеді.

Осы жарқын мерекеде барша діндарларға денсаулық, рухани күш, игі бастамаларына сәттілік тілеймін!

Шаңырақтарыңыздан шаттық, татулық пен молшылық кетпесін!

Нұрдин САДЫҚОВ, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.