Тұрғындар бау-бақшасын және ауласын былтырғы жылдың күзінен қалған шөп шалаңнан, ағаштан түскен жапырақтарды жинау кезеңі басталды. Алайда осы жинаған қоқыстарды ауласына жинап, оны арнайы қоқыс төгетін орындарға шығарудың орнына өртеуге тырысады. Бірақ осы өртеген қоқысын қараусыз қалдырып желдің шығысымен, өртенген қоқыстан шыққан ұшқындар көрші үйлердің ауласына жиналған жем-шөптердің немесе қоралардың үстіне түсіп, өрттің шығу оқиғалары да орын алып жатыр. Сондықтанда аулаңыздан шыққан қоқыстарды қапшықтарға немесе арнайы темір контейнерлерге жинап қоқыс төгетін алаңдарға шығаруларыңыз қажет.
Өрт-тілсіз жау деп бекер айтпаған. Өрт материалдық шығынға ғана ұшыратпастан, бұданда үлкен көңіл қынжылтарлық жайларға душар етеді. Сондықтан да әрбір азамат өрт қауіпсіздігін сақтауға ұқыптылықпен қараған жөн. Сізге немесе айналаңызға қауіп төнген жағдайда «101», «112» телефон нөмерлеріне қоңырау шалып, қоршаған ортаңызды сақтап қалуға себепші болыңыз.
Құрметті аудан тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.
Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі