Қордай аудандық сотымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен (Қорғау нұсқамасын бұзу) Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, 28.09.2023 жылы сағат 01.30 –да Ш. алкогольден масаң күйде, өзіне қатысты 12.09.2023 жылы ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, азаматтық некедегі жұбайы К.-ны балағаттап, оған дене жарақаттарын салған.
Құқық бұзушы сотта өз кінәсін толық мойындап, масаң күйде К.-ны балағаттап, қорғау нұсқамасын бұзғанын көрсетті.
Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі