Қордайға Түркиядан гуманитарлық көмек келді

0

Бүгін Түркия елінен Қордай ауданына гуманитарлық жүк жеткізілді. Онда бір реттік қорғаныс киімдері мен жеке қорғаныш құралдары жинақталған 25 дана қорапта 450 жиынтық бар. Гуманитарлық көмекті аудан әкімінің орынбасары Б. Жамангозов пен аудандық орталық аурухананың басшылығы қабылдап алды. «Қордай жерінің жұртшылығы бауырлас халықтың көмегін шын көңілден ризашылықпен қабылдап, індетпен күрес кезінде жасаған көмектеріне алғыс білдіреміз, бұл көмек Түркия мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен сенімділіктің жарқын көрінісі»,- деді аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов. Өнімдер Қордай ауданындағы COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте күресуші аудандық ораталық аурухананың дәрігерлеріне берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.