Қордай құлпырып келеді

0

Былтыр Қордай ауданында болған оқиға кезінде Масаншы ауылындағы бірқатар үй мен кәсіпкерлік нысан зардап шеккен болатын. Республикалық БАҚ өкілдеріне аудан әкімі Рүстем Дәулет осы уақыт аралығыда қандай жұмыстар жүргізілгенін айтып берді. «Былтыр мемлекеттен аудандағы 392 жобаға 35 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 11 млрд теңгеге 22 ауыл газдандырылып, аудан бүгінде 95 пайыз газбен қамтылды. Сол сияқты, 6,9 млрд теңгеге көшелер жөнделді», — дейді аудан әкімі.

Қақтығыс кезінде Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында нысан зақымданған жылжымайтын мүлік нысандары жөнге келген жөнделді.

Дүнген этномәдени бірлестіктері тарапынан, Сортөбе және Қаракемер ауылдарының тұрғындары және Қордай ауданының кәсіпкерлері 4,7 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Қайырымдылық көмектен бөлек, «ҚР Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға байланысты қайтыс болған азаматтардың екі отбасына 15,2 АЕК немесе 41 621 теңге төленді. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалары бар қайтыс болған 9 отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалды.

Масаншы ауылы аудан орталығы — Қордайдан 60 шақырым жерде орналасқан. 2020 жылы ауыл танымастай өзгерді. Табиғи газ, ауыз су, интернет тартылды, жолдарға асфальт төселіп, саябақ пайда болды.

«Біздің ауыл қатты өзгерді. Үкімет резервінен 575,8 млн теңге, ал жол картасы бойынша 1,8 млрд теңге бөлінді. Мемлекетке алғыс айтамыз. Ауылдағы 41 көшеге асфальт төселді. Барлық қираған үйлер мен коммерциялық нысандар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, биыл 800 көшет отырғызылды», — дейді Масаншы ауылдық округінің әкімі Рамазан Малиев.

Масаншы ауылдық округінде 19 мыңдай халық бар. Тұрғындар негізінен жерді өңдеп күн көреді.

«Былтыр Сортөбе, Ауқатты, Масаншы тұрғындары 5 623 гектар алқапта көкөніс өсірді. Жалпы Масаншыда 40-қа жуық, ал Сортөбеде 50-60 шаруа қожалық бар. Ауданда 135 мың гектар егіс алқабымыз болса, оның 134 мыңын биыл игеруді жоспарлап отырмыз. Мемлекет минералды тыңайтқыштар мен дизель отынына, сондай-ақ құрал-жабдықтарға субсидия береді», — дейді Қордай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Қаспақбаев.

Масаншы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаровтың айтуынша, қазір халық қазақ тілін үйреніп жатыр. Оның ішінде мешіт имамдары да бар. Ақсақалдар бірнеше рет бас қосты, қазір достық қатынасы жақсы жолға қойылған. «Бізде бұрын интернет болмаған. Биыл тартып берді. Ең бастысы – ауылға табиғи газ келді. Мен біздің Президентімізге және Елбасыға, сондай-ақ Жамбыл облысы мен аудан әкіміне үлкен алғыс айтамын. Біздің ауылда осындай өзгерістер болып жатқанына халық өте қуанышты.

Бізде ауылдық округте төрт мектеп бар, оның біреуі мемлекеттік тілде 2009 жылы ашылды. Бұл Қазақстандағы дүнгендер арасындағы алғашқы қазақ мектебі. Біз мемлекеттік тілді үйреніп жатырмыз. Біздің жастарымыз біраз уақыттан кейін қазақ тілін жетік біледі деп ойлаймын», — дейді ауыл ақсақалы.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.