Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Эльдар Апаев аудандық орталық аурухана ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Эльдар Апаев өз сөзінде Конституция – мемлекеттің негізгі заңы екенін атап өтіп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуының маңыздылығын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, аудандық орталық аурухана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Мамандар денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде де ойларын білдірді.