Қордай аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Конституцияның жаңа жобасы мен алдағы республикалық референдумның мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу аясында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты. Тұрғындар конституциялық жаңашылдықтардың маңызын атап өтіп, ел болашағы үшін маңызды референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15марта
#ПоддержимКонституцию