ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ-ҮНДЕУІ

0

Құрметті қордайлықтар!

Қордай аудандық Ардагерлер ұйымы баршаңызды Қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтайды! Рамазан айының ерекшелігі сол 30 күн бойы мұсылман халқы Ораза ұстап, сауапты игітірлік жасауға ұмтылады, жақсылыққа, ізгілікке жол бастайтын дұға жасайды.

Ораза ұстау адамдардың рухани байлығына, hәм денсаулығына пайдасы өте зор. Себебі Ораза кезінде адамдар сабырлыққа, төзімділікке үйренеді, бір-біріне деген мейірімділігі, қайырымдылығы, кешірімділігі артады, ашуланғанда «Мен Оразамын» деп сабырға келеді, өздерін және өзгелерді жақсылыққа шақырып, жамандыққа қарсы шығады. Өзіне жақын адамдардың біліп, білмей істеген күнәларын кешіріледі. Баршаларыңызға рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен құлшылық-ғибадаттарыңыздың қабыл болуына тіліктеспіз! Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың ынтымақ-бірлігі берік болсын!

Сонымен бірге, құрметті Қордай-лықтар! Айлардың сұлтаны — Рамазан айында барша қордайлықтарды ішімдіксіз жиын, бас қосу өткізуге, дүкендер сөресінен арақ-шарапты аулақ ұстауға шақырамыз. Ішімдіксіз рамазан айын қолдаған барша жерлестеріме Алла тағаладан мың ризық, нәсіп, береке болғай!

Қордай аудандық Ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.