ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

0

2024 жылғы «27»  наурыз                         №20

 

Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 5 мамырға Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                 А. Сырлыбаев

 

Хатшы                                                                Г. Ниязгулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.