ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

0

2024 жылғы «27»  наурыз                         №19

 

Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6)тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:

1) Алға ауылдық округі әкімі – Алға ауылдық округі шекарасындағы Алға сайлау округі;

2) Қарасу ауылдық округі әкімі – Қарасу ауылдық округі шекарасындағы Қарасу сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                  А. Сырлыбаев

 

Хатшы                                                                  Г. Ниязгулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.