ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ 2022 ЖЫЛҒА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

0

Мәслихат өз өкілеттігін Конституцияға, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ мәслихат регламентіне сәйкес жүзеге асырады. Мәслихат өз қызметінде қоғамдық маңызы бар салаларда белгіленген мемлекеттік стандарттарды ұстанады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Өздеріңізге белгілі, Жетінші шақырылған аудандық мәслихат өз өкілеттігін 2021 жылғы 15 қаңтарда өткен бірінші сессиядан бастап жүзеге асырады. Мәслихатқа «AMANAT» партиясынан 17 депутат, «Ауыл» партиясынан 2 депутат сайланды.
Депутаттар қызметінде өз партиясының сайлауалды бағдарламасына негізделеді және олардың күш жігерлері ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жалпы мақсатқа бағытталған.
2022 жылдың басынан аудандық мәслихаттың 13 сессиясы өткізілді, оның ішінде 10 кезектен тыс, қызметтің әртүрлі салаларына қатысты аса маңызды мәселелерді реттейтін 60 шешім қабылданды.
Атап айтқанда, аудан бюджеті мен ауылдық округтер бюджетін нақтылау, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, білім беру саласын дамыту, бюджетке салық жинау, көші-қон бөлімшесінің халықты уақтылы құжаттандыруы және басқа да маңызды мәселелер бойынша тиісті шешімдер қаралып қабылданды. Сондай – ақ жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жоспар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде мамандарға қолдау көрсету мөлшері бекітілді. Заңға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамының өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды және бұрын сайланған кеңестің мерзімі аяқталғандықтан, ағымдағы жылы мәслихат аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекітті. Мәслихаттың қарауына шығарылған әрбір шешім міндетті түрде тиісті тұрақты комиссияларда алдын ала егжей-тегжейлі пысықталады, содан кейін сессияларда талқыланады.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық нормаларды айқындайтын сессиялардың 14 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтіп, нормативтік — құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкке енгізілді.
Мәслихатта түрлі салалар бойынша 4 тұрақты комиссия құрылды. 2022 жылы олар 16 отырыс өткізді, 32 мәселе қаралды, оның ішінде 16 – жоспарлы мәселелер.
Депутаттардың халықпен есеп беру кездесулері кезінде кейбір ауылдық округтердің тұрғындары ветеринариялық қамтамасыз етудің кемшіліктері туралы айтып, оларды шешуде көмек сұрағандарына байланысты тұрақты комиссиялар «Ауданның ветеринария саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен проблемалық мәселелер туралы» мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардың санкцияланбаған орын ауыстыруын, көлеңкелі сатып алу-сату мәмілелерін болдырмайтын елді мекендердегі жануарларды сапалы бас есепке алу бойынша жұмыстарды күшейтуге бағытталған ұсынымдар қабылданды.
Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін жергілікті өкілді орган. Аудандық мәслихат депутаттары әрдайым халық арасында оның уайымдары мен көңіл-күйлері туралы біледі. 2022 жылдың басынан бастап депутаттар әртүрлі форматтағы сайлаушылармен 285 кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында 50 қабылдау өткізіп, 110 азаматтарды қабылдады, онда 110 түскен сұрақтардың 60-ы оңды шешілді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес 45-не түсініктемелер берілді. Мұндай ашық қабылдаулар мен кездесулер халық пен депутаттарды жақындастырады. Ал олар көтерген мәселелерге жедел кері байланыс орнату мәслихатқа ғана емес, жалпы билікке деген сенімді арттырады. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша әртүрлі сатыларға жазбаша сауалдар жолданады, есепті кезеңде 28 депутаттық сауал жолданды. Депутаттар жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, мектептерді жылыту, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту, жолаушылар тасымалы және басқа да көптеген мәселелерді үнемі көтеріп отырады.
Мәслихат хатшысы ретінде жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды әр сәрсенбі сайын сағат 10-нан 12-ге дейін аудандық мәслихатта өткіземін, есепті кезеңде 22 қабылдау өткізілді, 28 адам қабылданды.
Мен «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде бір жыл ішінде 7 отырыс өткіздім, онда 7 сұрақ қаралды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде. Сессияның барлық отырыстары тікелей онлайн көрсетілімде көрсетілді.
Мәслихат аппараты мәслихаттың атқарған жұмысы туралы ақпаратты өзінің ресми сайтында және аудандық газет беттерінде үнемі жариялайды. Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында депутаттардың қызметіне байланысты 18 мақала жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жандандырылатын болады.
Ағымды жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» бағдарламасы бойынша аудандық мәслихат депутаттары оқып, өз біліктіліктерін арттырды.
Мәслихаттың ресми сайтында мәслихат депутаттарының әрқайсысына жеке бет бөлінген, онда оған сұрақ қою мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, мәслихат депутаттары әлеуметтік желілерде өте белсенді. Әр депутаттың жеке парақшалары бар, оларда үнемі жұмыс туралы есептер, шолулар жарияланады. Парақшаларда оқырмандар саны айтарлықтай көбейді.
Мәслихат депутаттары депутаттық міндеттерді қоғамдық негізде, жалақысыз орындайтынын Сіздер білесіздер. Біздің депутаттар кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларының өкілдері. Олардың әрқайсысы көшбасшы, өз саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен белсенді, қоғамда өз орны бар азаматтар.
Депутаттық міндеттерден басқа, депутаттар проблемалық мәселелерді өз қаражаттары есебінен шешуге қатысады. Мәселен, ағымдағы жылы мәслихат депутаттары азық-түлік, тұрмыстық техника, мектеп формасы мен керек жарақтарын сатып алуға, үйде жылытуды жүргізуге және тағыда басқа қолдаулар көрсетті.
2022 жылдың басынан аудандық мәслихат аппаратының кеңсесіне 219 құжат келіп түсті, 203 шығыс хаттар жіберілді. Ұйымдастыру құқықтық мәселелер бойынша 98 өкім қабылданды. Жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш келіп түсті, оның ішінде оңды шешілгені — 2, жазбаша түсініктемелер берілгені — 3, басқа органдарға қайта жіберілгені — 7.
Біздің бағдарламалар анық, мақсат бір!
Егер бірлік пен ынтымақтастық болса, біз өз ауданымызды өркендетіп, дамытамыз.
Біз әкімдікпен бірлесіп, халықтың мүдделерін қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу жөніндегі жұмысты белсенді жалғастыратын боламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.