Қордай ауданы бойынша 2022 жылға жоспарланған (өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ әкімдерінің сайлауы туралы.
ІІ жарты жылдықта
2022 жылғы 4 шілдеде Қасық және Кенен ауылдық округтері әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімдері аяқталады.
2022 жылғы 12 қыркүйекте Жамбыл және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімдері аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан үзінді:
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап отыз күн ішінде өткізіледі.
Сайлау күні туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және сайлау комиссиясының интернет парақшаларында жарияланады.
ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Prev Post
Next Post