Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкіміне кандидат Каримов Ақжол Советкалиевичтің сайлауалды бағдарламасы

0

Каримов Ақжол Советкалиевич 1985 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Жер ресурстарын басқару және үйлестіру» мамандығы бойынша, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы мамыр айынан 2019 жылдың мамыр айы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қордай аудандық бөлімшесінің бас маманы, 2019-2020 жылдары аралығында Отар ауылдық округінің әкімі, одан кейін Қордай ауданы әкімдігінің инспекторы, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

Үйленген, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

 

Егер мен Қақпатас ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда төмендегі мәселелерді шешу бағытында жұмыс атқарамын.

Атап айтсам:

— Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын ауыл тұрғындары арасында насихаттай отырып, жолдаудағы көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға;

— округте шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және бюджеттің кіріс бөлігін  ұлғайту, оның ішінде қолма-қол бақылау шоттарына түскен қаражатты ауылдың жағдайын жақсартуға  пайдалану үшін ауылдық қауымдастықпен тығыз жұмыс жүргізуге;

— жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, дұрыс бағытқа тәрбиелеу, жаттығу алаңдарын салуға;

— кәсіпкерлер мен қалталы азаматтардың қатысуымен округ бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж: аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастыруға;

— көлік апат жағдайларын болдырмаудың алдын алу мақсатында жол қауіпсіздігі  бойынша округ тұрғындарымен  жұмыстар жүргізуге жұмыс жасайтын боламын.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте ауылымыздың одан ары көркейуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.