Қордай ауданы үшін жағымды жаңалық

0

📍📍📍 26 тамыз күні алғаш рет аудан орталығында Қордай ауданы полиция бөлімінің (ары қарай ПБ) Ювеналдық полиция тобына қызмет бабында пайдалану ушін салтанатты түрде қызметтік УАЗ көлігінің кілті табысталды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов пен ПБ бастығы М.М.Ережепов шараға арнайы қатысып, ювеналдық полиция тобының қызметкерлеріне алдағы жүйелі жоспарлар мен міндеттерін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын және кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органмен айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Осының бір айқын дәлелі аталған қызметтік көлікті аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы Дәулет, ПБ басшысы полиция полковнигі М.М.Ережеповтың бастамасымен күрделі жөндеуден өтіп, жұмыс жасауға тапсырылды. Осылайша Қордай ауданы прокурорының 02 маусым күні ұйымдастырылған мекемеаралық мәжілісінде қабылданған хаттамада берілген тапсырма өз шешімін тапты.
Бүгінгі таңда ауданда 17 ювеналдық полиция қызметкерлері қызмет атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.