ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАР ҮШІН ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ОРЫНДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

0

Қордай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №1 «Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 16 тармағына сәйкес, Қордай ауданы әкімінің аппараты Қордай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:

Елді мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1 Сортөбе ауылы Сортөбе ауылы, Алтын Орда көшесі 159 «б», «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
2 Сортөбе ауылы  Сортөбе ауылы, Баласағұн көшесі 49 «А», «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
3 Сортөбе ауылы  Сортөбе ауылы, Дунларов көшесі 9, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №48 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
4 Бұлар батыр ауылы Бұлар батыр ауылы, Өркениет көшесі 29 «б», «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шауашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта


Қордай ауданы әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.