Атап айтқанда:
Мүгедектігі бар адамдар мен балаларға санаторийлік-курорттық ем алу;
Есту қабілеті бұзылған азаматтарға ымдау тілі маманының қызметін ұсыну;
Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету;
І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің қызметін көрсету;
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу және куәлік беру;
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
Мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу;
Ақталған адамға куәлік беру;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету (үйде, стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда);
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау;
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу.
Аталған қызметтерді Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, «E-gov» электрондық үкімет порталы, проактивті форматта, сондай-ақ бөлім немесе ауылдық округ әкімдіктері арқылы алуға болады.
Толық ақпарат алу үшін Қордай ауылы, Төле би көшесі №49 мекенжайына жүгінуге немесе 2-10-16 байланыс нөміріне хабарласуға болады.