ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ «ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ

0

Сәрсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков облыс орталығына барып, «JAMBYL» TV телеарнасындағы «Қоғамдық талқылау» бағдарламасына қатысты. Бұл бағдарламада жауапты сала басшылары қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелерге тікелей эфирде жауап береді.

Аудан әкімімен бірге бағдарламаға «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат депутаты Әлібек Омар және аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Баян Қарамолдаева қатысты. Бағдарлама жүргізуші Айбол Қарашев көрермендерге қонақтарды таныстырып өткен соң сөз кезегін Бегзат Болатбековке берді. Аудан әкімі ағымдағы жылдың алты айындағы Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен бастап, әр саладағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, Бегзат Сейсенқұлұлы аудандағы өзекті проблемаларды атап өтіп, оларды шешу жолында атқарылған істерді тізіп берді. Мәселен, әр жылы қайталанатын суармалы су мәселесіне ерекше тоқталды. Мұнымен қоса, автомобиль жолдары, елді мекендерді газдандыру, ауыз сумен қамту, жер, тұрғын үй, үлкен инвестициялық жобалар сынды мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып өткен аудан әкімі болашақ жоспарларды да атап өтті.

Осыдан кейін жүргізуші Айбол Қарашев кешке келген қонақтармен де сұхбаттасып, олардың қандай жұмыстар атқарып жатқанын сұрады. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Әлібек Омар депутаттардың көтерген маңызды мәселелерін атап өтсе, Баян Қарамолдаева аудандық қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Тікелей эфир барысында көрермендер студияға қоңырау шалып, аудан әкімі Бегзат Болатбековке бірнеше сұрақ қойды. Бегзат Сейсенқұлұлы оған және әлеуметтік желілерден келген сұрақтардың әрқайсысына жауап беріп, ауданның әлеуетін көтеру бағытында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.