- Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков АЭС салуға қатысы референдумда отбасымен бірге келіп дауыс берді. Аудандық мәдениет үйінде орналасқан 239 сайлау учаскесінде аудан басшысы өз таңдауын жасады.
«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі екенін түсінеміз. Бұл шараға аудан азаматтарының белсенді қатысуы өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Бүгінгі таңда жалпы ауданымыз бойынша барлық сайлау учаскелері талапқа сай жұмыс істеуде. Қордайлықтар дұрыс таңдау жасайды, ел болшағы үшін аса маңызды күні оңды шешім қабылдайды деп сенемін», — деді Бегзат Сейсенқұлұлы.
Қордай ауданы әкімі дауыс берді
Prev Post