Елді мекендердің келбетін жақсарту мақсатында көшелер тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар ауданның кіреберіс аумағында газоннан жасалған аңдар кейіптері орнатылып, ерекше сәндік мүсіндер ауданның ажарын айшықтай түсті.
Бұл жұмыстар өңірдің көрікті келбетін қалыптастырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға бағытталған.