ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДАҒЫ ӨРТ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАЛДАУЫ (өсу ретімен)

0

Қордай ауданы бойынша 2024 жылдың

І тоқсанындағы өрт жағдайының талдауы (өсу ретімен)

2024 жылдың І тоқсанында аудан аумағында 14 (2023 ж. – 21) өрт оқиғасы тіркелген, өрттен келген материалдық шығын 1 млн. 970 мың (2023 ж. – 3 млн. 080 мың) теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны -34%-ға төмендеген, ал өрттен келген материалдық шығын – 63%-ға төмендеген.

Тіркелген өрттің негізгі бөлігі шаруашылық ғимараттардың үлесіне тиіп отыр, тіркелген 21 өрттің 9-ы шаруашылық ғимараттар (2022 ж. – 1 өрттің 1) өткен жылмен салыстырғанда шаруашылық ғимараттарда өрт саны 77,7% артып отыр.

      І – тоқсан ішінде

  • 5 өрт тұрғын үй секторында тіркелді (2023 ж. – 4)
  • 2 өрт автокөлік өртенгені тіркелген (2023 ж. – 4)
  • 0 өрт сауда орындарында (2023 ж. – 0)
  • 0 басқа ашық аумақтар (2023 ж. – 4)
  • 7 шаруашылық ғимараттар (2023 ж. – 9)
р/с

Өрттің шығу себептері Өрт саны  

%

2023 2024
1. Анықталған өрттер (қасақана от қою) 0 0 теңесу
2. Технологиялық процесті бұзушылық, өндірістік жабдықтың ақаулығы
3. Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзушылық 6 8 25 арту
4. Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ 0 0 теңесу
5. Жылу генераторы қондырғыларын пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ
6. Пештерді орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ 10 6 60 кему
7. Электрлік дәнекерлеу және басқа отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚЕБ 0 0 теңесу
8. Тұрмыстық газдарды, керосиндік және басқада құрылғыларды пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ
9. Отпен абайсыз болу, темекі шегу 4 0 4 есе кем
10. Балалардың отпен ойнауы 0 0 теңесу
11. Материалдар мен заттардың өздігінен жануы
12. Жарылыстар
13. Тікелей найзағайдың соғуы немесе оның кері әсері
14. Анықталмаған себептері
15. Өрттің басқа да себептері 1 0  100 кему
  Барлығы 21 14 34 % кему

 

 

 

Жылдың басынан тіркелген барлық өрттердің шығу себептеріне қарай талдау барысында өрттердің басым бөлігі пеш құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті сақтамау, электр жабдықтарын монтаждау және қараусыз қалған жас балалардың отпен ойнауы техникалық пайдалану ережелерін бұзушылық және тұрғындардың отпен абайсыз болуы, темекі шегу, қасақана от қою кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылық салдарынан болғандығы анықталды.

2024 жылдың І тоқсан ішінде орын алған өрт және жану оқиғаларының шығуына кінәлі 7 жеке тұлға, салынған айыппұл сомасы 129 220 теңге құрады, 6 жеке тұлға, 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту берілген.

2024 жылдың І  тоқсанында есеп жүргізу кезінде өрт оқиғасы бойынша барлығы 35 өтініш, ақпарат тіркеліп отыр. Тіркелген өтініш хабарлама бойынша. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы  арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай – ақ  Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес процессуалдық шешім қабылданды, оның ішінде:

  • 21 – (2023 ж. – 26) өтініш, хабарлама бойынша номенклатуралық іске жіберілді.
  • 10 – (2023 ж. – 8) өтініш, хабарлама бойынша әрі қарай басқа органға жолданды.

 

ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:

Болған өрттерге талдау жасай отырып, келесі жылға өрттерді алдын алу мақсатында төмендегі іс-шаралар атқарылуы тиіс:

  1. Болған өрттер бойынша халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар даярлап, өрт қауіпсіздігі ережелерін қажеттігі, маңыздысы туралы мақалалар шығару.
  2. Көктем, жаз мезгілі айларында тұрғын үй секторында өткізілген «Өрт қауіпсіздігі айлығы» арқылы тұрғын үй секторында және әлеуметтік бейімделмеген отбасыларына үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу.
  3. Тұрғын үй секторында, мекемелер мен кәсіпорындарда тұрғындар мен жұмысшылар арасында жиындар өткізіп, тұрмыстағы және өнеркәсіптердегі өрт қауіпсіздігі туралы жиындар өткізіп, жадынамалар тарату.

 

Қ.Иманқұлов, Қордай аудандық ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.