ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМДЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Е-3 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-R-1 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.
1. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы, санаты Е-3, 1 бірлік, № 01-09-01, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 305 232 теңгеден бастап 350 615 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты, бақылауды жүзеге асыруды қадағалайды. Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша облыс әкімінің аппаратымен, облыс әкімдігі басқармасымен, құқық қорғау органдарымен, қоғамдық, діни бірлестіктермен, облыс және ауданның атқарушы органдарымен, басқа да ведомстволарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыс жасайды. Аудандағы қоғамдық-саяси мәселелерімен айналысады, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес бірлестіктермен жұмыс жасайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, жастар саясаты жөніндегі аумақтық бағдарламаның орындалуын, аудан аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы, бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе немесе қызметтер көрсету саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.Мамандығы: Педагогика және психология,қазақ тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе философия, тарих, филология немесе халықаралық қатынастар, саясаттану, журналистика, қоғамдық байланыс немесе экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық немесе ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері немесе автоматтандыру және басқару,стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе туризм, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, әлеуметтік жұмыс.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2.Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы, санаты Е-R-1, 1 бірлік, № 02-01, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы бөліміне жалпы басшылық жасайды. Шаруа қожалықтарымен заң шеңберінде тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады, агротехникалық шараларға кеңес береді, тұқым инспекциясы, өсімдікті қорғау мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдардын тұқыммен қамтамасыз ету және дақылдардың себу мерзімін сақтау жұмыстарын үйлестіру, қолдағы бар техниканы тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу. Егістік алқабын ұлғайту және әртараптандыру бойынша жоспарын орындау: басым дақылдардың егіс алқабын арттыру бағытында жұмыстарын орындау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мемлекеттік сорт сынау участкесімен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зертеулер жүргізу санын айқындау бойынша жұмыстарды бақылау. Тұқымдарды өндіру мен пайдалануға қойылатын талаптар бойынша міндетті түрде егістерді байқаудан (апробациядан) өткізу жұмыстарын бақылау. Астық мониторингінің есеп жұмыстарын жүргізу, үйлестіру. Аудан бойынша масақты дәнді дақылдарының астық-жем балансын қалыптастыру.Үкімет тарапынан бөлінетін жеңілдетілген қажетті дизель отынының ауданның ауыл шаруашылық субъектілеріне көктемгі-күзгі егіс-дала жұмыстарына уақтылы алу бойынша жұмыстар жүргізу. Өсімдікті қорғау мекемелерінің ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы негізгі бағыттарын қалыптастыру. Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өндеу жұмыстарын бақылау. Ауыл шаруашылығы саласындағы және қоғамдық іс-шаралардың жұмыстарын ұйымдастыру. Егін, мал шаруашылығының және ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің сараптауы мен мониторингісін жүргізеді. Ауылдық округтарында орналасқан көкөніс қоймаларына сараптауы мен мониторингісін жүргізуін қадағалау. Ауданда орналасқан су қоймаларына сараптауы мен мониторингісін жүргізуін қадағалау. Ауданда, облыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жұмыстарын қамтамасыз ету. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беруді, тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беруді, мемлекеттік тіркеуін, өзі жүретін ауыл шаруашылығы және басқа техникалардың жыл сайын техникалық байқаудан өткізілуін қадағалау. Мал шаруашылығының ет экспорты жоспарын орындау: қозы және мүйізді ірі қара мал етін экспорттау бойынша жұмыстарды орындау. Сүт-тауар фермалары санын арттыру жоспарына сәйкес ауыл шаруашылық субъектілерімен жұмыстар жүргізу және орындау. Ауыл шаруашылығы малдардың «генофондын» жетілдіруге, мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға бөлінген квоталарды бойынша жұмыстарын орындау. Бордақылау алаңдарының санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу және берілген жоспарын орындау. Балық пен бал шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыру туралы жоспарын орындау және осы бағытта ауыл шаруашылық субъектілерімен жұмыстарын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы ветеринария саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызметтер көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Биология, биотехнология, экология, гидрология немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе автоматтандыру және басқару, көлік, көліктік техника және технологиялар, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, кадастр немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) ветеринария саласындағы (жалпы) немесе экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Жер», «Су», «Орман», «Еңбек» кодекстерін функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.