ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА:

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-05 (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қордай ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасының жобасын әзірлеу. Қордай ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізуге құжаттар дайындау. Қордай ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы нысаналы индикаторлардың жүзеге асыру бойынша әр тоқсан сайын және  жыл қорытындысы бойынша ақпарат әзірлеу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерінің және ауызша арыз-шағымдардың қаралуын ұйымдастырады, ай сайынға тоқсандық және жылдық №1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізу, жоғары органға тапсыру.Бөлімнің жұмыс жоспарын және оның орындалуын ұйымдастыру. Істерді мұрағатқа өткізу мен дайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімдегі құжат айналымы мен іс қағаздарының жүргізілуіне бақылау жасау. Бөлімдегі кадрлық жұмысымен айналысу, бұйрықтар шығару және ҚР Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі нормаларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуы бойынша есептерді дайындау. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму мониторинг нысандарын әрбір ауылдық елді мекен бөлінісінде сапалы толтыру. Ауданның төлқұжатын әзірлеу. Ауылдық округ әкімдіктерінен тоқсан сайын ауылдық округтердің төлқұжатын жинақтап, ауданның ұлттық құрамына талдау жүргізу. Аудан әкімінің халық алдындағы есебіне құжаттар әзірлеу. Аудан әкімінің есеп беру кезінде аудан тұрғындарымен кездесулерінен туындаған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына қатысты ақпарат дайындау. Селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, аппаратық кеңеске құжаттар әзірлеу. Облыс әкімінің, аудан әкімінің төрағалығымен өткен кеңес хаттамаларының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-08, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестік саласындағы әлеуметтік, еңбек және онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру.  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің аясында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша аудан көлемінде меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерге техникалық көмек көрсету. «Еңбек нарығы», «Құрылған жұмыс орындарының интеграциялық картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша Өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру. Ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын техникалық (ақпараттық жүйе арқылы) мониторингтеуді жүзеге асыру. Мүгедектермен, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалармен және кәмелетке толмаған жетім балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде тұрған адамдар бойынша комиссия өткізуді ұйымдастыру. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына сәйкес, «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтінімді рәсімдеу, еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметтерін электронды түрде көрсету. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес арыз және шағымдарды мерзімінде қарау. Облыс әкімінің, аудан әкімінің қаулылары мен аудандық мәслихаттың шешімдерінің, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиындардың хаттамалық тапсырмаларын мерзімінде орындау. «Электрондық еңбек биржасы» және «Отбасының цифрлық картасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жүйелі түрде жұмыс атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар немесе бизнес немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе басқару және құқық саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, дефектология немесе халықаралық қатынастар, әлеуметтану, психология, қоғамдық байланыс немесе экономика, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе денсаулық сақтау (жалпы) немесе логистика, әлеуметтік жұмыс  немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (қолданылу саласы бойынша).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»   Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.